RU
Толық нұсқаға өту

Футболдан әлем чемпионатының 2-тур ойындары басталды

19.06.2026, 10:00 60

Түнде Канада құрамасы Катарға жауапсыз 6 гол соғып, ойсырата ұтты. Артынша Швейцария Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңсе, Чехия мен Оңтүстік Африка тең ойнап, 1:1 есебі тіркелді.

Бұл матчта чехиялық қорғаушы Михал Садилек турнир тарихындағы ең жылдам голдың авторы атанды. Ол 5 минут 8 секундта көзге түсіп, мергендік танытты. Ал Мексика Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен қапы қалдырды. 

Мәди Бижан, спорт журналисі:

- Әлем чемпионаты соңғы турларда ғана сезілді десек болады. Англия мен Хорватия матчы, Португалия-Конго, Аргентинаның ойындарында біз әлем чемпионаты басталғанын сезіндік. Бұған дейінгі матчтар әлем чемпионатына дайындық ретінде өткен жолдастық кездесулер секілді сезілді. Атмосфера мүлде болмады. Футбол жанкүйері ретінде бұл матчтарға мүлде қызықпадым.     

Бағлан Тұрғанбек, спорт журналисі:

- Негізгі фавориттер Германияның қарқынын көрдіңіздер. Англиядағы Томас Тухельдің креативті шешімдері, Беллингемнің, Рэшфордқа, қорғаушыларға берген еркіндігін көрдіңіздер. Жартылай финалда Францияны, Португалияны және Англияны, Нидерландыны көргім келеді. Ал чемпион ретінде Португалия немесе Францияның чемпион болғанын қалар едім.

Елена Рыбакина жарыстың ширек финалына шыға алмады. 

Ол екінші айналымда әлемнің 35-ші ракеткасы саналатын филиппиндік спортшымен кездесіп, жарысты аяқтады. Есеп 2:0. Алғашқы сетте 7:5, екінші сетте 6:4 есебі тіркелді. 

Шайдоровқа 250 мың доллар сыйақы берілді

Милан олимпиадасының чемпионына 250 мың доллар көлемінде сыйақы берілді. Үкімет Михаил Шайдоров пен конькимен жүгіруден 6-орын алған Надежда Морозоваға және олардың бапкерлеріне ақша бөлу туралы қаулы қабылдады. Яғни 2 спортшы пен 5 жаттықтырушыға бас аяғы 250 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның шамамен 122 миллионы Шайдоровқа берілсе, Морозоваға 5 мың доллар сыйақы қарастырылған. Сондай-ақ спортшылардың бас бапкері мен алғашқы және жеке жаттықтырушыларына да ақшалай қолдау көрсетілді. Айта кетейік, осыған дейін Михаил Шайдоров 5 ай бойы жалақы алмағанын мәлімдеген болатын. Кейін бұл мәселеге Туризм және Спорт министрлігі түсініктеме беріп, мәнерлеп сырғанаушыға жаңа келісімшар ұсынылғанын хабарлаған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz