RU
Толық нұсқаға өту

Мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты Астанада өтеді: Михаил Шайдоров пікірін білдірді

22.06.2026, 15:19 51

Бүгін, 22 маусымда Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионаты Астана қаласында өтетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды "24KZ". Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бұл оқиға өзінің көптен күткен арманын шындыққа айналдырғанын атап өтті.

 

Мен шексіз бақыттымын. Бұл мен үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен жеңіс. Көп жылдар бойы мен ISU аясындағы чемпионаттың өз отанымда өткенін армандадым, міне, сол арманым ақыры орындалғанына өте қуаныштымын.

 

Олимпиада ойындарындағы жеңісімнен кейін Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылық айтарлықтай артты, мен бұл үрдістің бұдан былай да жалғасқанын қалаймын. Алдағы маусымға тас-түйін дайындаламын. Төрт құрлық чемпионаты жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлап, ел есінде ұзақ сақталады деп сенемін,- деді Шайдоров.

 

Айта кетейік, айтулы дода келесі жылдың 9-14 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz