Қазақстан Оупен. Дәл осындай атаумен бүгін Астанада таеквондодоан халықараьлық турнир өтеді. Бұл халықаралық федерациясының күнтізбесіне енген жарыс.
Сәйкенсінше, дәл осы жерде жеңімпаз спортшыларға рейтингілік ұпайлар таратылады. Бұл көрсеткіш кейін олимпиада жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады. Сонымен биылғы жарысқа 30 елден мыңнан аса қатысушы жиналды. Олардың арасында әрине, өзіміздің қыз-жігіттер де бар. Әсіресе Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан, Тамирлан Тілеулес, Айым Серікпаева және Нодира Ахмедова сияқты ұлттық құраманың үздіктері өнер көрсетеді. Халықаралық ткрнир ресми түрде бүгін басталады және 27 маусымға дейін жалғасады.
Бразилия Шотландияны, Мексика Чехияны жеңді. Мұхиттың арғы жағында футболдан жылдың басты жарысы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Бүгін топтық кезең аясындағы кезекті кездесулер өтті. Ешқандай сенсация тіркелмеді. Браизилия Шотландияны 3:0, Мексика Чехияны тағы да 3:0 есебмен жеңді. Швейцврия Канада матчында 2:1, Марокко Гаити матчында 4:2 есебі тіркелді.
Қазақстандық сұрмергендер әлем чемпионатында топ жарды. Спорттық ату бойынша жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода дәл қазір Германияның Зуль қаласында өтіп жатыр.
Әсіресе стенд атудың қыздар арасындағы командалық сынында ұлттық құрама өкілдері алғаш рет жеңіске жетіп, тарихи жетістік тіркеді. Бұл бәсекеде ел намысын Милана Папчихина, Элеонора Ибрагимова және Мария Горун үштігі қорғаған болатын. Артынша жеңіс жолын тапаншамен нысана көздеуде Асылым Жақия мен Ринат Казаченко жалғады. Асылым 25 метрден нысананы ату бойынша жарысқа қатысты және ең үздік нәтиже тіркеді. Сәйкесінше, қоржынымызға тағы бір алтын салды. Ал Ринат 50 метрдегі нысананы 3 позиция бойынша ату бәсекесіне қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ол күміс жүлдегер атанды. Осылайша қазақстандық сұрмергендер бүгінге дейін 2 алтын және 1 күміс жеңіп алды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Өйткені, Германияның Зуль қаласындағы әлем чемпионаты 26-маусымға дейін жалғасады. Айта кетейін, биылғы байрақты бәсекеге 63 елден 800-ге жуық қатысушы жиналды.
Әлемдік премьер-лиганы қабылдаймыз
Астандағы премьер-лига мамыр айында өтеді. Дүниежүзідік каратэ федерациясы алдағы жылғы жарыстардың күнтізбесін жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанда, оның ішінде, Астанада өтетін әлемдік премьер-лиганың уақыты да ресми бекітілген. Яғни 2027 жылдың 7-9 мамыр аралығында әлем жұлдыздары осында айқасады. Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет осындай құрметке ие болды. Яғни отандық спортшылардың соңғы жетістігін саралап және федерация жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстарды бағамдап, халықаралық каратэ федерациясы осындай мүмкіндік берді. Әлемдік премьер-лигаға әлемлік ретйингтің алдыңғы 32 сатысында тұрған спортшылар ғана қатыса алады. Сәйкесінше, 70-ке жуық елден 400-ден аса каратэші келеді деп жоспарланып отыр. Жуырда ғана елордадаға дүниежүзілік каратэ федерациясының инспекторы арнайы келіп, инфрақұрылымның, қонақ үйлерлің және логистиканың әлеуетін тексерді және Астананың әлемдік аламанды қабылдау әлеуетіне жоғары баға берді.
Тегтер #Астана #спорт #турнир #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz