Нидерланд Тунистен басым түсті.
Ал Жапония мен Швеция тең тарқасты. Мұхиттың арғы жағында футболдан жылдың басты жарысы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін топтық кезең аясындағы кезекті кездесулер өтті. Ешқандай сенсация тіркелмеді. Нидерланды-Тунис матчы 3:1, Жапония-Швеция матчы 1:1 есебімен аяқталды.
Таеквондодан рейтингілік турнир
Қоржынымызда 13 медаль. Оның үшеуі алтын. Астанада таеквондодан рейтингілік турнир өтіп жатыр. «Қазақстан Оупен» деп аталатын жарысқа 30 елден мыңнан аса қатысушы жиналды. Алғашқы күні ересектер арасындағы бәсекелер болды. Нәтижесінде ұлттық құрама үздіктері өз мықтылықтарын дәлелдеп, алтын жүлде иеленді. Атап айтқанда, 68 келіде Самирхон Абабакиров, 87 келіде Батырхан Төлеуғали және аса ауыр салмақта Бейбарыс Қабылан барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Әсіресе Батырхан финалда Париж Олимпиадасының чемпионы тунистік Фирас Катуссиден басым түсті. Осылайша жарыстың алғашқы күні қазақ қыз-жігіттері 3 алтын, 3 күміс және 7 қола жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Топ басында Түркия құрамасы болса, көрші өзбек елінің спортшылары үздік үштікті түйіндеп тұр. Халықаралық жарыс бүгін де жалғасын табады. Енді жасөспірімдер арасындағы бәсекелер болады. Айта кету керек, дәл осы байрақты бәсеке жеңімпаздарына олимпиадап жоламасына қажетті рейтингілік ұпайлар таратылып жатыр.
Бас бапкер әлем кубогін қорытындылады
Сабыржан мен Нұрбек әлі де шыңдалады. Жаңа салмаққа ауысқан қос боксшымыз жайында Нұржан Насанов өз пікірін білдірді. Бас бапкер Қытайда өткен әлем кубогін қорытындылап, әр жігіттің қарым қабілетіне баға берген болатын. Әсіресе 80 келіге көтерілген Сабыржан Аққалықов пен 90 келіге көтерілген Нұрбек Оралбай жекпе-жектері көңіл көншітетінін алға тартты. «Бұл бірінші жарыс. Алдағы уақытта әлі де шыңдалады» - деді Нұржан Насанов. Енді шеберлікті одан сайын жақсартып, қарқында одан сайын күшейту үшін жігіттерді АҚШ-қа апармақ. Мұхиттың арғы жағында ағайынды Камачолардың, яғни Кристофер Камачо және Дарио Камачо жетекшілігімен кешенді жаттығу жұмыстарын жүргізеді.
ЦИТАТА:
Нұржан Насанов, ұлттық құраманың бас бапкері
Қытайдағы әлем кубогінде боксшылар өзін жақсы қырынан көрсетті. Абылайхан Жүсіпов пен Айбек Оралбай жоғары деңгейде жұдырықтасып, мықты қарсыластардан басым түсті. Салмақ ауыстырған екі боксшымыз Сабыржан Аққалықов пен Нұрбек Оралбай екі жекпе жектен өткізді. Олар үшін бұл бірінші жарыс. Алдағы уақытта әлі де шыңдалады. Енді шілде айына АҚШ-тағы жаттығу жиынына аттанамыз. Ол жақта әр боксшы жеке жоспар бойынша жұмыс істейді.
Көгалдағы хоккейден Азия кубогі басталды
Талдықорғанда хоккейден Азия кубогі басталды. Сайыста жастар командалары бақ сынайды. Біріншілікке сегіз елдің спортшылары қатысуда. Фавориттердің қатарында Оңтүстік Корея, Иран және Шри-Ланканың командалары бар. Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырына көтерілу үшін бар күшін салады, дейді бапкерлер. Өз алаңымызда өтіп жатқан турнирде ел намысын 15 ойыншы қорғайды. Олардың әрқайсысы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Сарапшылар командалардың кубокте жетістікке жетуге мүмкіндігі бар деп отыр.
Орман Махмуд, облыстық көгалдағы хоккей федерациясының вице-президенті:
- Азия чемпионатын уже алтыншы рет қабылдап жатырмыз. Үлкен жарыс, сегіз мемлекет қатысып жатыр, Дайындық жақсы, мақсат қойылған, келесі дивизионға жолдама алуымыз керек, үздік төрт команда жеңу керек.
Тегтер #футбол 2026 #әлем чемпинонаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz