Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев парламенттің бірлескен отырысында шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Серік Жарасбаевтың айтуынша, Бибісара – Қазақстанның нағыз патриоты әрі ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы.
“Ол Қазақстан тарихында шахматтан әлем чемпионатының алтын медалін қатарынан үш рет жеңіп алған тұңғыш спортшымыз. Сондықтан біз Бибісараны ерекше құрметтейміз. Бұған дейін айтылған қаржық мәселесі толықтай шешілді”, – деді вице-министр
Вице-министрдің сөзінше, жақын күндері Бибісара Асаубаева Астанаға келіп, Президент жарлығымен берілген мемлекеттік наградасын алады.
Еске салайық, бұған дейін шахматшы мемлекет басшысынан көмек сұрап, спорт саласынан жеткілікті қолдау көрмей отырғанын айтқан еді.
Тегтер #Бибісара Асаубаева #азаматтық #Серік Жарасбаев #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz