RU
Толық нұсқаға өту

Футболдан әлем чемпионаты: плей-оффтағы басты сенсациялар

30.06.2026, 08:53 30

Германия мен Нидерланды жарыс жолынан шығып қалды.

Мұхиттың арғы бетінде футболдан жылдың басты додасы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін жасыл алаңда турнирдің басты сенсацияларының бірі тіркелді.

Бірер сағат бұрын плей-офф кезеңінде Германия мен Парагвай құрамалары кездесті. Негізгі ойын уақыты тең аяқталды. Ал матчтан кейінгі пенальтилер сериясында Парагвай құрамасының жолы болды.

Дәл осындай жағдай Нидерланды мен Марокко арасындағы кездесуде де қайталанды. Негізгі уақыт тең аяқталып, пенальтилер сериясында Марокко жеңіске жетті. Осылайша Парагвай мен Марокко құрамалары келесі кезеңге жолдама алды.

Ал турнирдің басты фавориттері саналған Германия мен Нидерланды құрамалары жарысты осы кезеңде аяқтап, елдеріне қайтады.

АЛМАТЫДА КӨКПАРДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

Көкпардан ұлттық құрама олимпиадалық орталықта олимпиадаға қатысатын спортшылармен бірдей деңгейде дайындалып жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында ұлттық спорт өкілдеріне осындай мүмкіндік жасалды.

Яғни Нұрдәулет Момынов бастаған жігіттер Алматы іргесіндегі жаңа спорт базасында жалпы дене дайындығын шыңдауға кірісті. Осы мақсатта арнайы маман тартылып, арнайы жаттығу әдістемесі әзірленген.

Қазір мұнда барлығы 24 спортшы 20 күн бойы жаттығады. Одан кейін көкпар аттарымен дайындық басталады. Жалпы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дейін осындай төрт оқу-жаттығу жиыны жоспарланған.

Көз алдарыңыздағы дайындықтың алғашқы кезеңі. Бұдан кейін тағы екі оқу-жаттығу жиыны Қазақстанда, ал соңғысы жарыс қарсаңында Қырғызстанда өтеді.

Айта кетейік, биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көршілес Қырғызстанда ұйымдастырылады. Дода 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

КАРАТЭДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Дархан Асаділовтің орнына Берік Қасенов келді. Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері ауысты.

Осыған дейін ұлттық құрамаға жетекшілік еткен Дархан Асаділов өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығымен білікті отандық маман Берік Қасенов тағайындалды.

Берік Қасенов бұған дейін спортшы ретінде ел чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған. Кейін жаттықтырушы ретінде әлем чемпионы Әлихан Қадырғалиді, Азия чемпиондары Дайяна Даренская мен Бэлла Самашеваны, Азия чемпионатының жүлдегерлері Диас Ұлбек пен Нұрия Тізімбайды, сондай-ақ Азия ойындарының жүлдегері Лаура Әліқұлды тәрбиелеп шығарды.

Енді ол ересектер арасындағы ұлттық құраманың тізгінін қолға алды. Бұл өзгерістің дәл қазір жасалуының маңызы зор. Өйткені алда жылдың басты додасы Азия ойындары тұр. Осыған байланысты алдағы екі-үш ай ішінде ішкі жұмыстарды жүйелеп, оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, ұлттық құраманы жарысқа сақадай сай дайындайды деген сенім мол.

Авторы: Аслан Қаженов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz