Қазақстандық велоспортшы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жарыс киімі Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада музейінің коллекциясына енгізілді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл – аталған музейде ұсынылған Қазақстанның алғашқы олимпиадалық формасы. Әлемдік олимпиадалық мұраны сақтайтын музейде түрлі елдердің танымал спортшыларына тиесілі тарихи жәдігерлер жинақталған.
Форманы музей қорына табыстау рәсімі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бейресми министрлік саяси диалогы аясында өтті. Іс-шараға Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев және Александр Винокуров қатысты.
Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің мәліметінше, бұл қазақстандық спорттың халықаралық деңгейде мойындалуының және еліміздің Олимпиада тарихындағы орнының маңызды белгісі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Винокуров #музейPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz