RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ әлем чемпионатынан шығып қалды

07.07.2026, 14:00 38

АҚШ құрамасы өз алаңында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Сиэтлде өткен 1/8 финалдық кездесуде америкалықтар Бельгиядан 1:4 есебімен жеңіліп, әлемдік додадан шығып қалды.

Алғашқы таймда есеп теңескенімен, ойын барысында бельгиялықтар шабуылдағы басымдығын тиімді пайдаланып, үш бірдей гол соқты. Бұдан бөлек бұл ойын Президент Дональд Трамптың ерекше әрекетімен де есте қалды. Ақ үй басшысы америкалық шабуылшы Фоларин Балоганның қызыл қағазына қатысты FIFA-дан шешімін қайта қарауды сұрап, қызу талқыға себеп болды. Алайда шешім АҚШ құрамасының алаңдағы тағдырына ықпал ете алмады. Айта кетейік, бұған дейін ұйымдастырушы елдер Канада мен Мексика да ұтылып жарысты ерте аяқтаған еді.

Люк, АҚШ жанкүйері:

- Меніңше, АҚШ қорғанысы сәл осал болды. Әсіресе бірінші және үшінші голды осы себепті жіберіп алды деп ойлаймын. Бірақ құрамамыз бір доп соғып есеп ашты. Аз да болса осымен мақтануымыз керек.

Джордан, АҚШ жанкүйері:

- Біздің командамыз тым көп қателік жіберді. Ойынның алғашқы он минутында-ақ қақпашы голды оңай өткізіп алды. Осындай қателік жиі болды. Қарсыласымыз мықты команда екені рас, бірақ өз алаңымызда ойнадық, жанкүйерлер де қолдап тұрды. Енді оларды 2030 жылғы әлем чемпионатында көрермін деп үміттенемін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz