Қазақстандық спортшы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Полиция мәліметінше, азамат қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Осы әрекеті үшін оған ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сот шешімімен спортшыға 20 АЕК, яғни 86,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #спорт #айыппұл #спортшы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz