Жаңа консультативтік органның құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар және отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді, деп хабарлайды «24KZ».
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, кеңес спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін диалог алаңына айналады. Сондай-ақ спорт саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлейді.
Кеңес қызметі спортшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мемлекеттік бастамаларды іске асыруға және саланы жетілдіруге бағытталады.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, «Спортшылар кеңесінің» құрылуы спортшылардың салаға қатысты шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейтіп, спорт қауымдастығы, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #спорт #кеңесPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz