Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды «24KZ» Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.
Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ауыр атлет #әлем чемпионатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz