RU
Толық нұсқаға өту

Әлем чемпионаты: Испания мен Франция құрамалары кездеседі

13.07.2026, 09:50 40

Футболдан әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін Португалия құрамасының бапкері ауысты.

Енді команданы испаниялық Роберто Мартинестің орнына 71 жастағы португал Жорже Жезуш жаттықтырады. Ол бұған дейін Сауд Арабиясының “Әл-Наср” клубынының тізгінін ұстап, былтыр ел чемпионы атанған болатын.

Ертең түнде футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық матчы өтеді. Испания мен Франция құрамалары кездесіп, ақтық кезең жолдамасын сарапқа салады. Екі ел де топтық кезеңнен еш қиындықсыз өтіп, плей-оффта сәтті өнер көрсетті. Мәселен, пиренейліктер Аустрия, Португалия, Бельгияны жарыс жолынан шығарса, француздар Швеция, Марокко және Португалия құрамаларынан басым түсті. Ал арғы күні Англия мен Аргентина жолығады. 

Ибраима Конате, Франция құрамасының қорғаушысы: 

- Испания өте мықты. Құрамында жеке жеберлігі жоғары ойыншылар жетерлік. Сондықтан тек бір футболшыны тұсап ұстап, қарап отырмаймыз. Қауіп кез келген ойыншыдан төнуі мүмкін. Олардың шабуылдағы әлеуеті өте жоғары екенін жақсы екенін білеміз. Міндетті түрде өз ойынымызды көрсетіп, басымдық таныстуға тырысамыз.   

ҚПЛ: 17-тур қорытындысы

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 17-ші тур ойындары аяқталды. "Астана" өз алаңында "Ақтөбені" қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті. Ал қостанайлық “Тобыл” көкшетаулық “Оқжетпесті” 3:1 есебімен жеңіп, турнирлік кестедегі орнын жақсартты. Одан бөлек, “Ұлытау” мен “Қайсар”, “Жеңіс” пен “Ертіс”, “Алтай” мен “Жетісу” арасындағы ойындарда 1:0 есебі тіркелді. Яғни алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Ал шымкенттік “Ордабасы” ақтаулық “Каспийге” қонаққа барып, 3:2 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ, осыған дейін “Қайрат” “Қызылжарды” 3:0 есебімен ұтса, “Елімай” “Атыраудан” 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Дәл қазір турнирлік кестеде "Ордабасы" клубы 40 ұпаймен көш басында келе жатыр. Екінші орынға 39 ұпаймен “Қайрат” жайғасса, “Астана” 29 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Дзюдошыларымыз үздік үштіктен көрінді

Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. Жерлестеріміз Тайпейде өткен байрақты бәсекеде 8 медаль жеңіп алды. Оның 2-уі алтын, екеуі күміс және қалған 4-уі қола. Ұлттық құрама сапынан 73 келіге дейінгі салмақта Мәди Жеткерген жеңімпаз атанса, артынша 100 келіден жоғары салмақта Санжар Жаббаров алтыннан алқа тақты. Ал Мейірбек Байзақов пен Айшабибі Мұрадимова екінші орын алды. Сондай-ақ, Асылхан Зинуллин мен Нұрсұлтан Зайзағалиев, Мәди Еділбаев пен Аяна Дүйсенбайға қола медаль бұйырды. Айта кетейік, Тайпейде өткен Азия кубогына сары құрлықтың 23 елінен бас-аяғы 200-ден спортшы қатысты.  

Ж. Құламбаева іріктеу финалына өтті

Теннисші Жібек Құламбаева Румыниядағы WTA турнирінің іріктеу финалына шықты. Отандасымыз әлемнің 295-ші ракеткасы швециялық Лиза Цаармен кездесіп, жеңіске жетті. 2 сағаттан астам уақытқа созылған ойын 2:0 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Қос сет қорытындысы бойынша 7:6, 6:3 есебі тіркелді. Енді Жібек негізгі жарысқа жолдама беретін шешуші ойында испаниялық теннисшімен кездеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 300 мың долларға жуықтайды. Жекелей сындағы чемпион 32 мың доллар шамасында қаржылай сыйақы мен 250 рейтингтік ұпайға ие болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz