RU
Толық нұсқаға өту

Әлем чемпионаты: Испания мен Франция кездеседі

14.07.2026, 09:19 41

Бүгін түнде футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық матчтары басталады.

Алдымен Испания мен Франция құрамалары кездеседі. Екеуі бұған дейін 10 рет жолыққан. Оның алтауы испандардың пайдасына аяқталса, үшеуінде француздар басым түскен және 1 тең ойын тіркелген. Матч Астана уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Ал Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы ойын ертеңге жоспарланған.

Мерей Дінмұхаммедұлы, спорт сарапшысы:

Жанкүйерлер Аргентина құрамасына қарсы

Милиондаған жанкүйер Аргентина командасын әлем чемпионатынан шығарып тастауды талап етіп жатыр. Қазір интернетте арнайы петиция жарияланды. Оны қолдап, қол қойғандар саны 3 милионнан асқан. Онда "ФИФА Лионель Месси мен Аргентина құрамасына оң көзбен қарайды. Оларды жарыстан шығарып, әрбір құрамаға әділ мүмкіндік беріңіздер" деп жазылған. Айта кетейік, оңтүстік америкалықтардың жеңістеріне қатысты бұған дейін де дау туған болатын. Мәселен, Мысыр футболшысы Зико ФИФА-ны Аргентина құрамасын қолдап, алдын ала келісім жасаған деп айыптаса, Алжир құрамасы төрешілердің үстінен шағым түсірді. Петицияның заңды күші жоқ. Десе де, бұл жайт ұйымның имиджіне үлкен зиянын тигізуі мүмкін.       

А. Айымбетов «Ақтөбеге» ауысады

Абат Айымбетов жақында “Ақтөбе” сапына ауысады. 30 жастағы шабуылшы биылғы ақпан айынан бері Румынияның “Петролул” клубында доп теуіп жүр. Бүгінге дейін 8 матч өткізіп, 1 голымен көзге түскен. Ал "ақтөбеліктер" оны қатарға алып, шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Себебі биыл Қазақстан премьер-лигасының чемпиондығына таласады деген команданың қазіргі жағдайы мүшкіл. Клуб 17 турдың қорытындысы бойынша 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде 7-орында келе жатыр.

Жеңіл атлеттер 6 медаль жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды. Оның 2-уі күміс, 4-уі қола. Ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова мен жетісайыстан Алина Чистякова күміс жүлде еншіледі. Ал сырықпен секіруден Максим Балабин мен спорттық жүрістен Ясмина Тоқсанбаева қолаға қол созды. Сондай-ақ отандастарымыз екі бірдей эстафеталық сайыста үздік үштіктен көрінді. Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпы есепте 8-орын алды. Бұл бәсекеде Қытай спортшылары топ жарса, Жапония екінші, Өзбекстан құрамасы 3-орынға табан тіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz