Қазақстанның ерлер таэквондо құрамасы Оңтүстік Кореяда өткен командалық Әлем кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Чхунчхон қаласындағы жеңіс тұғырына Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов көтерілді. Бұл мәртебелі турнирге 13 елдің өкілдері қатысуда. Ширек финалда спортшыларымыз Марокко құрамасын тізе бүктірсе, жартылай финалда ресейліктерден басым түсті. Алайда бас жүлде үшін өткен финалдық бәсекеде қытайлықтарға жол берді.
Батырхан Күсетов, Таэквондодан ҚР құрамасының мүшесі:
- Сол тактика, физика, жаттығу, дайындық жағынан бәрі жақсы болды. Жаттығудан қалмай, тамақтану режимін ұстандық. Бірақ бүгін Қытай құрамасы мықты болып шықты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таэквондо #Оңтүстік Корея #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz