Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U23 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «24KZ».
Olympic.kz мәліметінше, cоңғы жарыс күнінің кешкі сессиясында U23 жас санатында ерлер арасында ақтық бәсекелер өтті. Нәтижесінде отандастарымыз үш алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды.
Аман Қонысбек 75 келіге дейінгі салмақтың финалында Қырғызстан өкілі Алмаз Оразбековты жеңді.
Темірлан Мұқатаев 85 келіге дейінгі салмақта Норбек Абдуллаевты (Өзбекстан) тізе бүктірді.
Сондай-ақ Ибрагим Бетаев өзбекстандық Самир Сабировтен басым түсті.
Ал Бексұлтан Боранбек 55 келіге дейінгі салмақтың финалында Үндістан өкілі Гангадан жеңілді.
Нұрасыл Төлебек 60 келіге дейінгі салмақта Жапония боксшысы Коичи Накаямаға есе жіберді.
Нұрбек Мұрсал 70 келіге дейінгі салмақтың финалында өзбекстандық Абдуллох Мадаминовтан жеңілді.Өнер Сейілхан 80 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан өкілі Фазлиддин Еркинбоевке жол берді.
Осылайша, U23 жас санатында Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола медаль бар.
Бұған дейін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Азиза Исина (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) алтын алса, Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Индонезия #бокс #Азия чемпионаты #Қазақстан #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz