Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға қол жеткізді.
Жерлестеріміз аралас командалық сайыста Таиланд құрамасын 2:1 есебімен ұтып қола жүлдегер атанды. Бұған дейін жігіттеріміз екінші орыннан көрінген болатын.
Азия чемпионаты аяқталды
Индонезия астанасы Джакартада бокстан 19 және 23 жасқа дейінгі ұл-қыздардың жарысы аяқталды. Жерлестеріміз Азиядан 11 алтын 11 күміс 8 қола жүлдеге иелік етіп, жалпы командалық есепте 2-ші орыннан көрінді. Жалпы нәтиже жаман емес. Бойында жігер мінезі бар талантты жастар өсіп келеді. Алайда бокстағы басты бәсекелесіміз көршілес елден қалып қойғанымыз қынжылтады. Жарыстың басы-қасында болған әріптестеріміздің сөзіне сенсек төрешілер біраз спортшымыздың бағын байлаған көрінеді. Бұрын бәрін АИБА ға ысыра салатын едік, қазір жаңа ұйым және оны Қазақстандық Генадий Головкин басқаратынын бәріміз білеміз. Қазақ боксшыларына енді қиянат жасалмайды-деп қуанғандар көп еді. Бірақ баяғы жартас сол жартас.
Ұстаздан шәкірт оза ма?
Жұмыр жер жексенбінің кешін тағатсыздана тосып отыр. Бір айдан аса уақытқа созылған доп додасының шешуші ойыны. Айдарынан жел ескен Аргентина мен Испания өз ара кім мықтыны анықтайды. Дәл сол күні 19 жастағы Ямаль мен 39 жастағы Мессидің шеберлігін тағы бір мәрте тамашалаймыз. Сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы теке тірестің де куәсі боламыз Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони, Луис де ла Фуэнтаға шәкірт екенін көпшілік енді біліп жатыр. Иә, Скалони бапкерлікке бет бұрған жылы яғни 2017 де Испанияда де ла Фуэнтадан тәлім алған екен. Ұстазы мықтының ұстамы мықты демеуші ме еді?! Скалони Аргентинамен құрлықты ғана емес әлемді де мойындатты. Енді міне екінші рет командасын шың басына шығарсам-дейді. Луис бапкердің де арманы сол. Испаниямен әлем чемпионы болу. Ендеше ұстаз ба әлде шәкірт оза ма оны жексенбінің кешінде білеміз.
Гринвуд Фенербахче жейдесін киді
Футбол тойы аяқталған соң, ауыс-түйістер қыза түседі. Қазірде біраз ойыншылар команда ауыстырып үлгерді. Кеше ағылшын футболшысы Мэйсон Гринвуд Фенербахче жейдесін киді. Түріктер Гринвудпен 4 жылдық келісім шартқа отырды. Трансфер құны 39 миллион еуро. 24 жастағы ойыншы өткен маусымда Француздардың Марсель командасында 32 ойында қарсыластар қақпасына 16 гол соғып, 7 рет әдемі пас берген. Тұманды альбионда ерте танылған талантты футболшы осылайша Түркиядан бірақ шықты.
Алькарас тамызда оралады
Испаниялық теннисші Карлос Алькарастың кортқа қашан оралатыны белгілі болды. Жарақатына байланысты Ролан Гаррос пен Уимблдонға қатыса алмаған Испан жұлдызы қазір жаттығу жұмыстарына кірісіпті. Енді тамыз айында өтетін Циницинатти турнирінде өзінің чемпиондық атағын қорғап қалуға тырысамын депті. Бұл турнир тамыздың 13-і мен 23 аралағында өтеді . Иә, Алькарас жарақат алғалы оның басты қарсыласы Янник Синнер әлемдік рейтингіде ұзап барады. Енді жыл соңына дейін үлкен дулыға жарыстарының бірі Юс Оупен бар. Былтыр бас жүлде алған Алькарас биылды сол биіктен көрінгісі келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Азия чемпионаты #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz