Poly Market платформасы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жылдың ең үздік ойыншысы атағынан үмітті футболшылардың рейтингін жариялады.
Оның ішінде Испания құрамасы мен «Барселонаның» ойыншысы Ламин Ямаль басты фаворит ден танылған. Оның алтын допты жеңіп алу мүмкіндігі 51 пайызға бағаланған. Ал Англия мен «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейннің көрсеткіші 27 пайыз деп көрсетілсе, Лионель Месси – 8, Килиан Мбаппе 4 пайызбен түйіндеп тұр.
Ертең Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады. Ел біріншілігіне 17 өңірден 300-ге жуық спортшы қатысады. Олар 3 күн бойы 48 жеке бағдарлама бойынша және аралас эстафеталық сайыстарда сынға түседі. Жарысқа ұлттық құрама өкілдері түгел қатысады. Чемпионат аяқталғаннан кейін Жапониядағы жазғы Азия ойындары алдында жаңа құрама жасақталады.
УЕФА ФИФА-ға байкот жариялады
УЕФА президенті Александр Чеферин ФИФА-ға байкот жариялады. Сәйкесінше, Аргентина мен Испания арасындағы финалдық матчты көруге бармаған. Бұл шешім УЕФА мен ФИФА арасындағы шиеленістің ашық белгісі ретінде бағаланды. Екі ұйым арасындағы келіспеушіліктің негізгі себептерінің бірі АҚШ құрамасының ойыншысы Фоларин Балогунға қатысты болған. ФИФА футболшының қызыл қағазын алып тастап, Бельгияға қарсы матчқа қатысуға мүмкіндік берді. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Осы жайттан кейін УЕФА мен ФИФА арасындағы қарым-қатынас одан әрі күрделене түскен. Сондай-ақ, Чеферин әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 64-ке дейін көбейтуге қарсы әрі матч билеттерінің тым қымбат болғанын сынға алған. Тіпті турнир регламентіндегі кейбір өзгерістермен келіспейтінін жеткізді. Мысалы, финалдық матчта музыкалық шоуға байланысты үзіліс 27 минуттан асып кеткен. Футбол ережесі бойынша екі тайм арасындағы демалыс 15 минут болуға тиіс.
Ертең «Қайрат» пен «Омония» ойнайды
Ертең «Қайрат» чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында кипрлік «Омонияға» қарсы ойнайды. Алматылық ұжым алғашқы ойынды сырт алаңда өткізеді. Қазір жерлестеріміз Кипрде матч алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Ал қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді. Екі ойынның жеңімпазы чемпиондар лигасының 3-ші кезеңіне жолдама алады. Айта кетейік, «Қайрат» алғашқы айналымда Черногорияның «Сутеська» клубын қос ойын қорытындысы бойынша, 4:1 есебімен жеңген болатын.
Тегтер #Ламин Ямаль #Алтын доп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz