Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстандық спортшы үстел теннисінен 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Жәния Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #Ташкент #Үстел теннисі #спорт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz