RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі өтеді

21.07.2026, 17:36 99

Астана қаласында, 2026 жылғы 29 шілдесі мен 9 тамызы аралығында бірегей клубтық форматта «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Ауқымды сында әлемнің үздік киберспортшылары халықаралық клубтарға бірігіп, алдымен виртуалды аренада, кейін нақты паркетте, татамиде және футбол алаңында бақ сынайды, деп хабарлайды «24KZ»

Турнирге әлемдік спорт пен киберспорттың аңызға айналған командалары қатысады. Олардың қатарында Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu және NOVAQ бар.

 

Дүбірлі додада еліміздің атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді:

Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna: ACF x Allur, UEL Team

Phygital Basketball Presented by Halyk Fund: GTB KZ, PBC Astana

Phygital Fighting Presented by Kazzinc: Future Nomads

MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM: Rune Eaters

MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit: Rune Eaters

Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank: DIGA Esports

Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO: NOVAQ, TeamKZ

Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources: Гүлназ Аманғали

 

Ойындар елорданың төрт негізгі спорт кешенінде ұйымдастырылады: «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығы және «Барыс Арена» көпбейінді мұз сарайы.

Ашылу салтанатының тікелей көрсетілімін «Жібек жолы», «Qazsport» және «Хабар» телеарналары ұсынады. Телекөрермендерге AI-графика, ауқымды LED-инсталляциялар, лазерлік және жарық эффектілері, роботтандырылған элементтер мен әсерлі сахналық қойылымдар ұсынылады.

 

Phygital Basketball Presented by Halyk Fund: 29 шілде – 3 тамыз

Battle Royale: PUBG BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank: 31 шілде – 2 тамыз

MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit: 2 – 5 тамыз

Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO: 4 – 8 тамыз

Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna: 4 – 9 тамыз

MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM: 6 – 9 тамыз

Phygital Dancing Presented by Solidcore Resources: 6 – 7 тамыз

Phygital Fighting Presented by Kazzinc: 8 тамыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz