RU
Толық нұсқаға өту

Тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

24.07.2026, 23:59 42

Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды.

Елдің 15 өңірінен жиналған 80-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды. Бұл додада жеңіске жеткендер қараша айында Түркияның Амасья қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады. Республикалық жарыстың жеңімпаздары 30 шілдеде белгілі болады. Бүгінде тоғызқұмалақ әлемнің ондаған елінде қарқынды дамып келеді. Азия және әлем чемпионаттары тұрақты түрде өтеді.

Дәулет Әбдікәрім, тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы:

- Бұл чемпионат Алматы облысында алғаш рет өтіп жатыр. Жарысқа 15 аймақтан спортшылар қатысып жатыр. Олардың 30-ға жуығы Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, қалғаны спорт шеберіне үміткерлер және бірінші, екінші дәрежелі спортшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz