«Болашақ ойындары – 2026» сайысына қатысу үшін ресейлік «Триада» баскетбол командасы елордаға келді.
Шетелдік меймандарды Астана әуежайынан волонтерлер мен ұйымдастыру комитетінің өкілдері қарсы алды. Бәсеке 29 шілде мен 9 тамыз аралығында елордада өтеді. Онда 50-ден астам елден келген 800 қатысушы бақ сынайды. Дүбірлі доданың басты ерекшелігі дәстүрлі және кибер спорт түрлерін бір алаңға тоғыстырады. Қатысушылар алдымен виртуалды кеңістікте күш сынасып, кейін спорт алаңында өзара мықтыны анықтайды.
Давид Беджанян, ресейлік «Триада» баскетбол командасының жаттықтырушысы:
- Біздің командада төрт спортшы-ойыншы бар. Бұдан бөлек, жаттықтырушы мен менеджерді қосқанда жарысқа алты адам болып келдік. Біздің мақсатымыз – ең алдымен топтан шығу. Одан кейін ширек финалда да жақсы өнер көрсеткіміз келеді. Әрине, жүлделі орынға ие болуды қалаймыз, бірақ бәрі ойынның қалай өрбитініне байланысты. Бұл жерде цифрлық та, физикалық та кезеңдердің маңызы зор. Сондықтан әр кездесу сайын бар күшімізді салып, ойынымызды жақсартуға тырысамыз.
Тегтер #Болашақ ойындары #ресейлік команда #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz