Артем Матусевич ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жерлесіміз Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуде үздік үштіктен көрінді.
Артем жеңіл салмақтағы жекелей сында Португалия мен Грекия спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып жетті. Бұл Қазақстан құрамасы үшін ескек есу спортындағы тарихи жүлде саналады. Бұрын-соңды біздің спортшылары академиялық ескек есуден әлем чемпионаттарында медаль алған емес.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ескек есу #әлем чемпионаты #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz