Германияның Дуйсбург қаласында академиялық ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Осы сында жерлесіміз Артем Матусевич қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жеңіл салмақтың жекелей сайысында Португалия мен Грекия өкілін алға жіберіп мәре сызығын үшінші болып кесті.
Мадридтің Реалы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. 1 шілдеден бастап қызметіне кіріскен Жозе Моуриньо алдымен жастардың аяқалысын байқап көрді. Өйткені әлем чемпионатына қатысқан жігіттер әлі демалыста. Сондай-ақ жақында ғана Реал жейдесін киген футболшылар да әлі қатарға қосылған жоқ. Ал Камавинга мен Трент Александер Арнольдттар жастармен бірге тер төгіп жүр. Жексенбі күні төменгі топта ойнайтын Алькаркон командасымен жолдастық кездесу өткізудің сәті түсті. Естеріңізге салайық, биыл карольдік клуб сапына Челсиден қорғаушы Кукурелья мен Интерден Дензель Думфрис және Ливерпульден Ибраима Конате мен Манчестер Сидитен Бернарду Сильвалар ауысып келді. 1-2 күнде кот-д' ивуарлық Ян Диамонде есімді футболшыда Реалдың жейдесін киеді деген сенімді ақпар бар. Өткен маусымда Лейпциг сапында жасындай жарқылдаған Диамонде әлем чемпионатында да көзге түсті. Мадрит клубы футболшының трансферіне 100 миллион аса еуро жұмсауы мүмкін. Реал Ла лиганың бірінші турында 16 тамызда Сан-Себастьянның Реал Сосьедадын қабылдайды.
Боммел Бельгияны баптайды
Бельгия құрамасына бапкер құтаймай тұр. Роберто Мартинестен кейін тізгін ұстаған Руди Гарсияда Бельгияны ұшпаққа шығара алмады. Енді міне Голландиялық маман Марк ван Боммел Бельгия құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Келісім шарт мерзімі 2 жыл. Яғни Еуропа чемпионатына дейін. Ван Боммел бутсиін шегеге ілген соң бапкерлікке бет бұрып, Антверпен командасымен 2023-ші жылы Бельия біріншілігінде топ жарып, ел кубогына иелік етті. Оған дейін ПСВ Эйндховен және Вольфсбург командаларын жаттықтырған. Марк ван Боммелді бірден ауыр сынақ күтіп тұр деп айтсақ болады. Бельгия ұлттар лигасының кестесіне сәйкес күзде Италия мен Франция және Түркия құрамаларымен жолығады. Бельгияда талантты футболшылар көп-ақ. Бірақ соларды жеңіске бастайтын білікті маман жетіспей жүр. Мүмкін Боммел Бельгияның бағын ашар?! Оған енді уақыт төреші.
Каземиро көмекке келді
Интер Майами турнир кестесінде Нэшвилді қуып жетті. Әңгіме МЛС лигасы жәйінда. Екі топқа бөлінген 30 команданың қазір осалы жоқ. Еуропа жерінде доп тепкен тәжірибелі футболшыларды шақыртып, біріншілік көркін қыздыра түсті. Лео Месии мен Родриго де Пауль әлі демалыста. Бірақ оларды Суарес жоқтатып жатқан жоқ. Бір апта бұрын екі гол салып командасына жеңіс әкелген уругвайлық шабуылшы 17-турда да көзге түсті. Сол Суарестің пенальтиден соққан жалғыз голы Интер Майамиге үш ұпай сыйлады. Айтпақшы осы ойында Суарксе көмекке Каземиро келді. Бразилиялық жартылай қорғаушысы негізгі құрамнан орын алып матч соңына дейін тер төкті. Майами келесі турда Коламбусты қабылдайды.
Тегтер #24KZ #Германия #футбол #Жозе МоуриньоPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz