RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

«Болашақ ойындары – 2026»: Рене Фазель Астанаға келді

28.07.2026, 10:53 46

Phygital International ұйымының негізін қалаушы Рене Фазель мен Беларусь Республикасының спорт және туризм министрі Сергей Ковальчук Астанаға келді, деп хабарлайды «24KZ».

Құрметті меймандар мінген ұшақ бүгін Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға қонды. Оларды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қарсы алды.

Рене Фазель мен Сергей Ковальчук елордада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне құрметті қонақ ретінде қатысады.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» – спорт, цифрлық технологиялар мен инновацияны ұштастыратын халықаралық жарыс. Турнир барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік фиджитал клубтары бірнеше спорт түрінен өзара бақ сынайды.

Халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Байрақты бәсекеге ондаған елден спортшылар мен ресми делегациялар қатысады деп жоспарланып отыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz