Тарихи жеңіс. Семсерлесуден ұлттық құрамамыз әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсеке Гонконг қаласында өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы командалық сында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов төрттігі іріктеу кезеңдерінде Финляндия, Өзбекстан, Мысыр, Дания құрамаларын жеңіп, финалға шықты. Ал ақтық сында Украина жігіттерін 45:40 есебімен жеңді. Осылайша, отандық спорт тарихында алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ең үздік көрсеткішіміз қола жүлде болатын. Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте қазір 5 орында тұр. Дәл осы нәтижеден кейін тағы да көтерілуі мүмкін.
«Қайрат» пен «Левский» кездеседі
«Қайрат» енді өзінен 4 есе қымбат тұратын «Левскиймен» кездеседі. УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі жалғасып жатыр.
Кеше ғана алматылық клуб кипрлік «Омонияны» жеңіп, келесі кезеңге өтіп еді. Ал оның ендігі қарсыласы болгариялық «Левский» клубы болады. Transfermarkt.de сайтының мәліметінше, «Левский» құны қазір 37 миллиона евроға бағаланып отыр. Ал «Қайрат» 9 миллион евро. Бұл жерде Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубына ауысып кеткенін ескеру керек. Қос команда арасындағы алғашқы матч 4 тамызда Соия қаласында, ал қарымта матч 11 тамызда Түркістан қаласында өтеді.
Жылдың басты жарысына дайындық
Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанамын. Каратэден ұлттық құраманың өкілі Нұрқанат Әжіқанов осындай пікір білдірді. 75 келіде өнер көрсететін ол қазір негізгі дайындыққа кірісті. Ел намысын қорғайтын қыз-жігіттер Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығына жиналып, жалпы физикалық дайындықты пысықтап жатыр. Одан кейін арнайы және жауынгерлік әзірліктер күтіп тұр. Айта кетейік, Нұрқанат 2023 жылы Қытайдың Ханджоу қаласында өткен Азия ойындарында топ жарған еді. Енді дәл осы жеңіс жолын биыл Жаонияның Наготя қаласында жалғағысы келеді. Жылдың басты жарысы саналатын Азия ойындарының өзі қыркүйек-қазан айларында өтеді. Каратэ бойынша бәсекелер жарыстың алғашқы күндері, яғни 21-24 қыркүйек аралығында болады.
Тегтер #семсерлесу #тарихи жетістік #әлем чемпинонаты #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz