RU
Толық нұсқаға өту
gggboxing

World Boxing Ресейлік спортшыларға салынған барлық шектеуді алып тастады

31.07.2026, 09:44 51

Халықаралық  федерациясы ресейлік спортшыларға қойылған барлық шектеулерді жойды, деп хабарлайды «24KZ» Offside.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал былғары қолғап шебері Геннадий Головкин басқарады. Бұл туралы Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев мәлім етті.

Ресей боксы әлемдік аренаға оралуда. World Boxing біздің спортшыларды барлық жас санаттарында ұлттық ту мен әнұранмен халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат етті. Ресей бокс федерациясы WB қатарына 2026 жылдың басында қабылданған болатын, – деп жазды Дегтярев.

Министрдің айтуынша, халықаралық спорттық байланыстарды қалпына келтіру мәселесі 2026 жылдың қаңтар айында Ташкентте өткен кездесуде World Boxing президенті және Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен талқыланған.

 

Ресейлік спорт ведомствосының басшысы бұл шешімнің маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Себебі дәл осы World Boxing Халықаралық олимпиада комитетінен  олимпиадалық бокс турнирін өткізу құқығын алған ресми ұйым болып табылады.

Еске салайық, Геннадий Головкин 2025 жылдың қараша айында Римде өткен конгрессте World Boxing федерациясының президенті болып сайланған еді. Оның бұл ұйымды басқаруы және халықаралық спортқа сіңірген еңбегі бокс түрінің 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалуына айтарлықтай үлес қосты.

Бұған дейін, 2026 жылдың сәуірінде ұйымның атқарушы кеңесі белоруссиялық боксшыларға да қатысты шектеулерді алып тастаған болатын. Ал шілде айының басында халықаралық олимпиада комитеті ресейлік спортшыларға қатысты бұрынғы шектеу ұсыныстарын ресми түрде жойды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz