Шотландияның Глазго қаласында өткен World Boxing Атқару комитетінің отырысында 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін қабылдайтын елдер бекітілді, деп хабарлайды «24KZ».
Қабылданған шешімге сәйкес, 2027 жылы құрлықтық іріктеу жарыстары мына мемлекеттерде өтеді:
Америка – АҚШ;
Азия – Қытай;
Еуропа – Еуропа ойындары (Ыстанбұл, Түркия);
Мұхит аралдары өңірі – Самоа;
Африка – Нигерия.
Сондай-ақ 2028 жылы өтетін екі әлемдік іріктеу турнирін қабылдайтын елдер де белгілі болды. Алғашқы жарыс Италияда, ал екіншісі Венгрияда ұйымдастырылады.
Жарыстардың нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #спорт #Олимпиада2028 #бокс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz