RU
Толық нұсқаға өту

Семсерлесуден әлем чемпиондары елге оралды

01.08.2026, 13:15 27

Гонконгта семсерлесуден өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды.

Чемпиондарды Алматы халықаралық әуежайында туған-туыстары, әріптестері мен жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды. Спортшылар жарыс жолында Финляндия, Өзбекстан, Дания және Мысыр өкілдерін жеңіп, ақтық сынға шыққан еді. Ал финалда Украина құрамасынан басым түсіп, тарихи алтынға қол жеткізді. Құрама сапында Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Кирилл Проходов пен Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Олардың қатарында Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұлан сапында қызмет ететін спортшылар бар.

Ерлік Сертай, семсерлесуден әлем чемпионы:

- Алдыңғы жылы бронза алдық, бұл жылы алтын алдық. Ол бапкердің профессионализмі, спортсмендердің, атлеттердің профессионализмі, федерацияның, министрліктің, поддержкалары, жанкүйерлердің поддержкалары. Адамдар қаншама көп қарап, бізді қолдап, ол бізге күш-қуат береді, біздің көңіл-күйімізді көтереді. Ал көңіл-күй спортсменге өте маңызды жарыс уақытында.

Руслан Курбанов, семсерлесуден әлем чемпионы:

- Әлем чемпионатына дейін біз бесінші орында едік. Ал әлем чемпионатынан кейін үшінші орынға көтерілдік. Бірақ бірінші және екінші орыннан арамыз аса алыс емес. Егер биыл дәл осылай жақсы өнер көрсетсек, тағы да жоғарылауға мүмкіндік бар. Тіпті алдағы уақытта әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуымыз әбден мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz