RU
Толық нұсқаға өту

Бақдәулет Ағабек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

01.08.2026, 23:00 31

Отандасымыз Бақдәулет Ағабек еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Ол Бакуде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы жаһан жарысында 48 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Бақдәулет алғашқы іріктеу кезеңінде Тәжікстан өкілін 10:0 есебімен айқын жеңді. Сосын Болгария, Моңғолия, Өзбекстан елдерінің спортшыларынан басым түсті. Ал финалда үндістандық Аарьян Аарьяннан айласын асырды. Бұған дейін грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дияр Аманәлі де әлем чемпионы атанған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz