RU
Толық нұсқаға өту
lenarybakina

Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі жаңа позициясы белгілі болды

03.08.2026, 09:25 38

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Канаданың Торонто қаласында өтетін беделді WTA 1000 турнирі қарсаңында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын сақтап қалды, деп хабарлайды «24KZ».

Елена Рыбакина 8056 ұпай жинап, әлемдік рейтингте екінші орынын мықты сақтап қалды. Көш басында 8550 ұпаймен беларусь теннисшісі Арина Соболенко тұрса, үшінші орынды 6625 ұпай еншілеген америкалық Джессика Пегула иеленді. Ал екінші қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 904 ұпаймен бір саты төмен сырғып, 82-орынға жайғасты. Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина 6775 ұпаймен алтыншы орынын сақтап қалды.

Алдымыздағы аптада басталатын Торонто турнирінде отандастарымыз маңызды матчын өткізбек. Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі жоғары орнының арқасында жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның бәсекедегі алғашқы қарсыласы қытайлық Ван Синьюй мен аустралиялық Дарья Касаткина арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ. Ал Юлия Путинцева бірінші айналымда қытайлық Шуай Чжанмен кортқа шығады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz