Ел жүзгіштері ерледі.
Бангкок қаласындағы су спорты сайысында 49 медаль жеңіп алды. Біздің қоржында 21 алтын, 19 күміс пен 9 қола бар. Осылайша жас ерекшеліктері бойынша өткен XII Азия чемпионатында құрама құрлықтағы үштікті түйіндеді. Жалпыкомандалық жүлделер есебінде тек Жапония мен Қытайға есе жіберді. Спортшылар 4 сыннан да сүрінбеді. Жүзу, суға секіру және әртістік жүзу мен су жолағындағы тәжірибесі әрі шеберліктеріне көрермен сүйсінді. Әсіресе артистік жүзуде судағы балықтай еркін болды. Бас кубок, яғни трофейге қол жеткізді. Бұндағы соло, микс-дуэт, топтық және акробатикалық бағдарламалардың барлық түрінен басым түсті.
Тегтер #Қазақстан #жүзгіш #Таиланд #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz