RU
Толық нұсқаға өту

Жәнібек рейтингте үздіктер қатарына енді

04.08.2026, 10:50 46

Жәнібек жаңа салмаққа ауысып, ә дегеннен рейтингтің басынан табылды. Бүкіләлемдік бокс ұйымы, яғни WBO үздік былғары қолғап шеберлерінің тізімін жаңартты. Нәтижесінде супер орта салмаққа жақында ғана ауысқан қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы екінші орынға жайғасты.

Бұл дивизионда чемпиондық титул британдық Хамза Ширазға тиесілі. Ал рейтингтің бірінші сатысында мексикалық Сауль Альварес тұр. Айта кетейік, Жәнібек орта салмақта IBF және WBO чемпиондық титулдарына иелік еткен. Алайда былтыр допинг дауына ілігіп, IBF оны титулынан айырды және бір жылға  шеттетті. WBO ұйымы да оған дисквалификация берді. Десе де белбеуден айырған жоқ. Боксшының өзі биыл чемпиондық атағынан бас тартып, жаңа дивизионға өткенін мәлімдеді. Жәнібек алдағы желтоқсан айында рингке оралады.

Жылдың басты жарысына дайындық

Назым, Алуа, Аида, Виктория және Наталья. Азия ойындарына қатысатын бұрымды боксшыларымыз белгілі болды. Бас бапкер Елдос Сайдалин олимпик.кз сайтына берген сұхбатында жоғарыдағы бес қыздың атын атады. Яғни, 51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева, ал, 75 келіде Наталья Богданова өнер көрсетеді. Назым мен Наталья жаңа салмақта бақ сынамақ. Десе де бұған дейін бірнеше жарысқа қатысып, бейімделіп үлгерді. Жалпы ұлттық құрама жайында айтар болсақ, олар қазір АҚШ-та дайындалып жатыр.

Тамыздың ортасына қарай елге оралып, осы жерде бірлескен жаттығу өткізеді. Ал қыркүектің басында Жаонияға аттанып, жарыс алындағы әзірлікті пысқытайды. Азия ойындарының өзі сол жапон жерінде, нақытрақ айтқанда, Нагоя қаласында өтеді. Байрақты бәсеке 19 қыркүйек пен 4-қазан аралығында болады.

Сұрмергендер тарихи жетістік тіркеді

Сұрмергендер тарихи жетістік тіркеді. Сербияның Нови-Сад қаласында пара нысана көздеуден әлем кубогі өтіп, қазақстандық спортшылар 12 медаль жеңіп алды. Бұл жұлде саны жағынан бұрын-соңды болмаған, ең жоғағы көрсеткіш саналады. Дүниежүзілік додаға 51 елдің өкілдері жиналған болатын. Олардың арасында спорттық даярлау орталығында жаттығатын біздің қыз-жігіттер де бар. Бас-аяғы 17 сұрмерген жарысқа араласып, жоғарыда айтқандай, қоржынымыздға 12 медаль салды. Әсіресе Александр Пасхалиди ең үздік нәтиже тіркеп, жарыс жеңімпазы атанды. Бұған қоса, Айсұлу Мұқашбекова,Севда Әлиева, Жұлдыз Бұхарбаева, Еркін Ғаббасов, Ардақ Отарбаев және Әрсен Мұратов сияқты спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz