Қазақстандық спортшылар суға жүзуден Гринсборода (АҚШ) өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз аталған бәсекеде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».
ҰОК мәліметінше, София Әбубәкірова жекелей сайыста 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден алтын алды. Сондай-ақ 50 метрге шалқалап жүзуден қола жүлдегер атанды.
Одан бөлек София 4×50м еркін стильде, 4×100м еркін стильде және 4×50м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.
Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден бірінші орын алды. Ал 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанса, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орыннан көрінді.
Сондай-ақ Максим 4×50м еркін стильде, 4×100м еркін стильде және 4×100м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.
Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын алды. Сонымен қатар 4×50м еркін стильде, 4×50м аралас эстафетада бірінші орынды иеленді.
Ришат Жұмагұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медальға ие болды. Одан бөлек, 4×50м еркін стильде, 4×50м аралас эстафетада жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz