Қазақстанда дзюдодан алғашқы халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Оған 30 елден 700-ден астам спортшы қатысуда, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл лагерь елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 5-15 тамыз аралығында жаттығулар Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында өтеді. Татамиге әлемнің үздік дзюдошылары — Олимпиада чемпиондары, жүлдегерлері және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары шықты.
Қатысушылар қатарында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, сондай-ақ Жапония, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің танымал спортшылары бар.
Бұл оқу-жаттығу жиыны спортшылардың алдағы халықаралық жарыстарға дайындығын пысықтайтын маңызды алаңға айналады.
Тегтер #дзюдо #әлем #спорт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz