Хорватияның Загреб қаласында су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы кеше Сингапурмен кездесіп, тартысты ойында 16:15 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде жерлестеріміз Мысыр құрамасына есе жіберіп қойған. Бүгін біздің құрама Уругвай ватерполшыларымен кездеседі.
Челси дайындығын пысықтауда
Дәл қазір қазақ жанкүйерлерін қызықтыратын Лондонның Челсиі. Дастан Сәтпаев маусымды қай команда сапында бастайды деген сауалға жауап іздеген жұрт, Челсидің әрбір ойынын жібермей көруге тырысады. Жаңа маусымға жан-жақты дайындық жүргізіп жатқан Хаби Алонсо шәкірттері осы күндері Гонконкта жүр. Бүгін Туриннің Ювентусымен жолдастық кездесу өткізді. Ұлттық құрама сапында әлем чемпионатына қатысқан жігіттер әлі демалыста. Сондықтан бапкерлерге жастардың аяқалысын байқап көретін мүмкіндік бар. Бұған дейін Австралияда екі бірдей жолдастық кездесуге қатысқан жерлесіміз Дастан Сәтпаев жәйлі Хаби Алонсо жылы пікірін білдірді. Бірақ әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Өйткені команданың төрткөзі түгел емес. Жаңадан келіп жатқан футболшылар да әлі қатарға қосылмады. Айтпақшы, украиналық Михаил Мудрик Дастандармен бірге жаттығуға қайтадан мүмкіндік алды. Естеріңізде болса, тыйым салынған дәрі-дәрмек қолдағаны үшін Мудрик екі жылға футболдан шеттетілген болатын. Челси Ағылшын премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы кездесуін тамыздың 24-і күні сырт алаңда Фулхэмге қарсы өткізеді.
Салах «Трабзонспорды» таңдады
Мысырлық шабулшы Мохаммед Салахтың Ливерпульмен келісім шарты аяқталған күні әртүрлі ақпар тарай бастады. Біреулер Салах Сауд Арабиясына барады десе, енді бірі мұхит асып Мессимен бірге доп тебеді екен деген әңгімелер айтып жүрді. Расында Египет құрамасының ойыншысына құда түсушілер көп болды. Мохамед қабырғасымен кеңесе келе Трабзонспор жейдесін киуге тәуекел етіпті. Өткен маусымда Түркия біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген Тарбзон енді топ жаруға ұмтыламыз деп отыр. Түркиялық клуб Египет құрамасының шабулшысымен екі жылдық келісім-шартқа отырған. Кейбір дерек көздері таратқан мәліметтерге сүйенсек, футболшы екі жылда 34 миллион еуро табыс табады екен. 34 жастағы Мохамед Салах Ливерпуль сапында 442 ойын өткізіп 257 гол соққан. Оған дейін «Базель», «Челси», «Фиорентина», және «Рома» командаларының намысын қорғаған футболшы енді Түркия жерінде доп тебеді.
Теннисші қыздар Торонтода
Теннисші қыздар Торонтода бас қосты. Бұл сында Қазақстан атынан Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина сынға түседі. Путинцева алғашқы айналымда-ақ аттан ауып қалды. Ал Рыбакина жарыста сәл кешірек бастайды. Әлемнің бірінші ракеткасы белорусиялық Арина Соболенко бірінші айналымда жапон қызы Моюка Уитиджимаға бас көтерткен жоқ. Есеп 6:3 6:3. Сол секілді поляк қызы Ига Швёнтек те жарысты сенімді бастады. Ол чехиялық Сара Бейлектен айласын асырды. Есеп 6:0 6;3.
Тегтер #Қазақстан #Челси #жанкүйер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz