Рыбакина үшінші айналымда. Канаданың Торонто қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина австралиялық Дарья Касаткинамен кездесіп, 6:3, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Мейірім Нұрсұлтанов титулға таласады
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен кездеседі. Бұл – ресми ақпарат. Қазақстандық кәсіпқой боксшы ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралып, ә дегеннен титулға таласуға мүмкіндік алды. Яғни бұл кездесуде уақытша WBC белдігі сарапқа салынады. Жекпе-жек кешінің өзі АҚШ-тың Сан-Диего қаласында, нақтырақ айтқанда Сан-Диего төріндегі «Печанга Аренада» өтеді. Мерзімі де белгілі. Қос мықты 19-шы қыркүейкте жолығады. Айта кетейік, АҚШ атынан шығып жүрген кіші Хесус Рамос WBC белбеуінің уақытша иегері саналады. Ол бүгінге дейін 25 кездесу өткізіп, 24-інде жеңген. 19-ын уақытынан бұрын аяқтаған. Ал, Мейірімнің көрсеткіші 20 жекпе-жек, 20 жеңіс. Оның 11-інде нокаут тіркелді. Сөздің шыны керек, бұл ақпаратты бокс жанкүйерлері тағатсыздана күтті. Өйткені, бұған дейін әртүрлі болжамдар айтылды. Енді Мейірім мен Хесустың жекпе-жегіне қатысты ресми шешім шығып, тараптар қызу дайындыққа кірісті.
Дастан Сәтпаев «Челси»-«Ювентус» мачтына қатысып, жоғары баға алды. 17 жастағы қазақ баласы жуырда лондондық клуб сапына қосылған болатын. Олар күні кеше миландық командамен жолдастық кездесу өткізді. Дастан 65 минутта алаңға шығып, 25 минут өнер көрсетті және Flashscore порталының мәліметінше, оның ойыны 6,5 ұпайға бағаланды. Егер нақты көрсеткіштерге тоқталар болсақ, қазақстандық шабуылшы жеті пастың алтауын дәл орындап, 86 пайыздық дәлдік көрсетті. Бұған қоса, қақпаға бір соққы бағыттап, оны дәл орындады. Қорғаныста да белсенді қимылдады. Айта кетейік, «Ювентусқа» қарсы кездесу Дастан Сәтпаев үшін «Челси» сапындағы маусым алдындағы дайындықтағы үшінші матч болды. Ойындағы жалғыз голды «Ювентус» өкілі Эдон Жегрова соқты.
Жас таланттардың әлемдік олимпиадасы
Тарихи жетістікті қайталауға тырысамыз. Жасанды интеллект бойынша әлемдік олимпиадаға қатысып жатқан қазақ балалары осындай мәлімдеме жасады. Қазір Астанада осы IT саласындағы өрендердің жарысы өтіп жатыр. Оған 105 елден 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олар жекелей және командалық сындарда саладағы түрлі тапсырмалар мен күрделі мәселелердің шешімін табуы қажет. Екі жарыс күні артта қалды және алда екі жарыс күні бар. Осы аралықта жақсы нәтиже тіркеп, бұрынғы көрсеткішімізді қайталауға, тіпті, одан асып түсуге тырысамыз деп отыр ұлттық құрама өкілдеді. Айта кетейік, жасанды интеллек бойынша олимпиада былтыр Қытайда өтті және қазақ балалары жалпы командалық есепте 4-ші орынға тұрақтаған болатын.
Тегтер #Елена Рыбакина #Дастан Сәтпаев #ЖИ #WBC #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz