RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Қазақстан су добынан Уругвайды ойсырата жеңді

06.08.2026, 11:59 31

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды «24KZ».

Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды. Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz