Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева (ересектер арасындағы әйелдер рейтингінде 5-орын), Алуа Нұрман (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 2-орын), Меруерт Камалиденова (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 4-орын), Елназ Қалиахмет (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 22-орын) пен Зарина Нұрғалиева (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 23-орын) ойнайды. Команданың капитаны – Павел Коцур.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 15 қыркүйекте болады. Ал 16–27 қыркүйек аралығында шахматшылар классикалық уақыт бақылауымен швейцариялық жүйе бойынша 11 тур ойнайды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Бибісара Асаубаева #шахмат #спорт #Олимпиада 2026 #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz