Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван ’т Шкиптің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.
Федерацияның хабарлауынша, маманмен ұлттық құрамада жұмыс істеу жөнінде келісімге қол жеткізілген. Оның тағайындалуы ҚФФ жарғысына сәйкес Атқарушы комитеттің келісімінен кейін ресми түрде рәсімделеді. Комитет отырысынан соң бапкермен келісімшартқа қол қойылады.
Джон ван ’т Шкип футболшы ретінде Амстердамның «Аякс» клубында, Италияның «Дженоа» командасында өнер көрсетіп, Нидерланд ұлттық құрамасының сапында ойнаған. Ол 1988 жылы ұлттық құрама құрамында Еуропа чемпионы атанды.
Бапкерлік мансабын «Аякс» жүйесінде бастаған маман кейін клубтың бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларын жаттықтырды. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде Джон ван ’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері болды.
Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы жасақталды. Бас бапкердің көмекшілері – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов. Қақпашылар бапкері қызметін Юрий Новиков атқарса, дене даярлығы бапкері – Вадим Боровский, сарапшы бапкер – Тимур Құсайынов.
Тегтер #футбол #ұлттық құрама #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz