RU
Толық нұсқаға өту

Асу Алмабаев тағы бір беделді лигамен келісімшартқа отырды

07.08.2026, 16:09 51

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев АҚШ-тағы тағы бір беделді ұйыммен келісімшартқа отырды. Енді ол бір уақытта үш түрлі лигада өнер көрсетеді, деп хабарлайды 24KZ.

UFC-де жұдырықтасып жүрген қазақстандық спортшы бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингке маманданған ACBJJ (Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu) лигасының ресми қатысушысы атанды.

 

Бұл туралы промоушеннің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

ACBJJ лигасына қош келдіңіз, Асу Алмабаев! – делінген хабарламада.

 

Осылайша қазақстандық файтер Арман Царукян, Белал Мұхаммад, Мовсар Евлоев, Забит Магомедшарипов, Юссеф Залал және Бенсон Хендерсон секілді танымал ММА жұлдыздарымен бір лигада өнер көрсететін болды.

ACBJJ – 2014 жылы Absolute Championship Berkut (ACB) промоушені негізін қалаған бразилиялық джиу-джитсу бойынша халықаралық ұйым әрі кәсіби турнирлер сериясы. Бұл лигада спортшылар негізінен партердегі күрес, ауырту және тұншықтыру әдістері бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-де  2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін әлемдегі ең беделді аралас жекпе-жек ұйымында сегіз кездесу өткізіп, аса жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде бесінші орынға дейін көтерілді.

Сонымен қатар ол 2026 жылдан бастап RAF күрес лигасында да бақ сынамақ. Оның бұл ұйымдағы алғашқы кездесуі 22 тамызға жоспарланған.

Осылайша Асу Алмабаев алдағы уақытта UFC, RAF және ACBJJ лигаларында қатар өнер көрсететін санаулы қазақстандық спортшылардың біріне айналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz