RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Ерсейіт Бейбарыс  ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

10.08.2026, 09:13 309

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстандық спортшы 65 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келі (129+152) көтеріп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшының екі нәтижесі де U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz