АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. деп хабарлайды 24KZ Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілдері екі ұлттық рекорд жаңартып, екі финалға жолдама алды.
Қыздар арасындағы сырықпен секіру сайысында Анна Черкашина іріктеу кезеңінде 4,10 метр нәтижесін көрсетіп, U20 санатындағы Қазақстанның рекордын жаңартты.
Финалда спортшы бұл нәтижесін қайталап, қорытынды бойынша 11-орынға ие болды.
Әлем чемпионатында диск лақтырудан сынға түскен Максим Сажнев те іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтижемен Қазақстанның U20 санатындағы рекордын жаңартты.
Финалдық сайыста спортшы 59,85 метр нәтиже көрсетіп, жарысты 11-орынмен аяқтады.
Қазақстандықтардың басқа дисциплиналардағы нәтижелері:
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz