RU
Толық нұсқаға өту

Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің ширек финалына шықты

10.08.2026, 22:40 26

Снежана Кашкарова ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды. Қазақстандық зілтемірші Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан құрлық додасында топ жарды.

57 келіде сынға түскен жерлесіміз 17 жасқа дейінгілер арасында, кейін 20 жастағы спортшылар бәсекесінде жеңіске жетті. Кашкарова жұлқа және серпе көтеруде әрі қоссайыста жаңа рекорд тіркеді.

Алыптар айқасы

Ақмола облысы Қажымұқан ауылында алыптар бас қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықтылар Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған сайыста бар өнерлерін ортаға салды. Бұл жәй ғана сайыс емес, қазақтың біртуар палуаны, тарихи тұлға Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін ұлықтап, оның ерлікке толы ғұмырын кейінгі ұрпаққа өнеге ететін рухани-спорттық мереке болатын. Білектің күші ғана емес, жүрек пен рухтың беріктігі сыналған дүбірлі дода да нағыз майталман спортшылар топ жарды. Тау көтерген толағайлар бірнеше жаттығу бойынша бақ сынады. Әрбір сайыс көрер көзге қызық болғанымен қиындықтары да көп еді. Күннің аптап ыстығында 100 келі тартатын қос тасты көтеріп жүгіру немесе 100 келілік ағаш бөренені бағындырып, ауыр найза лақтыру. Сондай-ақ кір тасын көтеріп, қала берді 500 келілік ат арбаны сүйреу кез-келгеннің қолынан келе беретін шаруа емес. Бұл нағыз білекті де жүректі, төзімді де қайтпас қайсар батырлардың қолынан келетін ерлік. Осынау 5 сағатға созылған алыптар айқасында Ішкер Істер министрлігінің қызметкері Жанболат Ибадулаев оза шапты. Талай халықаралық жарыстардың жүлдегері Вадим Макарцов екінші орыннан көрінсе, Ерсейіт Бралин үштікке табан тіреді.

Рыбакина ширек финалда

Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің ширек финалына шыққан үміткерлер белгілі болды. Қазақстан атынан сынға түскен Елена Рыбакина өзінің бұрынғы отандасы Людмила Самсоновамен кездесті. Ойын өте тартысты өтті. Бір-бірінің қыр-сырын жақсы білетін теннисшілер қанша сауатты ойнауға тырысқанымен қателіктерге бой алдырып жатты. Дегенмен допты ойынға қосу кезінде Рыбакина жинақы болды. Шешуші сетте Ресейлік Самсонова 3:0 есебімен алда тұрған. Енді орыс теннисшісі ойын тізгінін уыстан шығармайды деген ой болды. Алайда тәжірибелі Рыбакина өз қарқынын күшейтіп таразы басын теңестіріп қана қойған жоқ. Қарсыласынан жеңісті жұлып алды. Есеп 6:4 4:6 6:4. Енді Елена Рыбакина Жапон қызы Наоми Осакамен жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.

«Аргентинос» көш басында

Аргентинадағы Клаусура біріншілігінде ұпайдан шашау шығармаған бір ғана команда бар. Ол Аргентинсо Хуниорс. Николас Диес шәкірттері 4-ші турда өз алаңында Расингті қабылдап, 2:1 есебімен жеңісе жетті. Томаш Молина алаң иелерін алға шығарған соң артынша Эзекиель Каннаво таразы басын теңестірген. Адриан Мартинс алаңнан қуылып қонақтардың жағдайы қиындап кетті. Олар тең нәтижені сақтап қалуға тырысқанымен, ойынға тыңнан қосылған Эрнан Лопес Муньос мергендік танытып Аргентинос жанккүйерлерін шаттықа бөледі. Қортынды есеп 2:1.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz