RU
Толық нұсқаға өту
Фото: sports.kz

BBC Дастан Сәтпаевтың «Челси» сапындағы негізгі құрамға ену мүмкіндігін бағалады

11.08.2026, 09:38 42

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамында тұрақтап қалуға ең ықтимал үміткер атанды, деп хабарлайды 24KZ Sports.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2026-2027 жылғы маусымда қай жас ойыншылар өздерін көрсете алады?

Премьер-лиганың жаңа маусымы да жақындап қалды. 21 тамыз, жұма күні қазіргі чемпион «Арсенал» өз алаңында лиганың жаңадан қосылған командасы «Ковентри Ситиді» қабылдайды. Біз Премьер-лигадағы әр клубтан бір-бірден, алдағы маусымда ерекше қырынан көрінуі мүмкін 20 перспективалы жас ойыншыны іріктеп шықтық. Кім біледі, олардың арасынан кейбірі менеджерлер үшін нағыз олжаға айналуы мүмкін.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамына енуге ең ықтимал үміткер секілді. Ол команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның жоғары бағасына ие болды.

Сатпаев «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы матчта қақпаның жақын бұрышына қуатты соққы жасап, есеп ашты. Ол жылдамдығымен, физикалық күшімен және тұрақты түрде гол соғу қабілетімен көзге түседі.

Оның Чемпиондар лигасында ойнаған тәжірибесі бар. Сондай-ақ ол өз елінде жұлдызға айналып үлгерді. 2025 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында тоғыз матч өткізді», – деп жазады BBC.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz