RU
Толық нұсқаға өту
Фото: sports.kz

Футбол жұлдызы Криштиану Роналду Джорджина Родригеске үйленгенін ресми түрде жариялады

12.08.2026, 09:02 48

Футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес шамамен 10 жыл бірге тұрғаннан кейін ресми түрде шаңырақ көтерді, деп хабарлайды 24KZ.

Үйлену тойы Португалияда өтті. Жұп Instagram әлеуметтік желісінде неке жүзіктерін көрсетіп, ерлі-зайыпты атанғанын растады.

«C and G», – деп қысқа ғана жазба қалдырған португалиялық футболшы жарияланымына жүрек белгісін қосты.

Криштиану мен Джорджина 2016 жылы Мадридте танысып, сол уақыттан бері бірге болды. Үйлену тойы Лиссабоннан шамамен 32 шақырым жердегі Кашкайш курорттық қаласында ұйымдастырылған. Салтанатты шараға жұптың бес баласы да қатысты.

Роналдудың үйлену тойының уақыты да футбол жанкүйерлерінің назарын аударды. Себебі португалиялық жұлдыз 2026-2027 жылғы Сауд Арабиясының кәсіби лигасындағы жаңа маусым басталардан небәрі төрт күн бұрын шаңырақ көтерді. Роналду бұл маусымда «Әл-Наср» сапында өнер көрсетеді.

Криштиану Роналду кәсіби мансабында 1000 голға жуық соққы жасап, футбол тарихындағы ең үздік сұрмергендердің біріне айналды. Ол «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Әл-Наср» клубтарында ойнады. Сонымен қатар Португалия ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz