RU
Толық нұсқаға өту
Жеке мұрағатынан

Германиядағы әлем чемпионатында Ерекешева үш бірдей финалға жолдама алды

14.08.2026, 09:31 50

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет бақ сынаған қазақстандық Ақмарал Ерекешева іріктеуден сәтті өтіп, үш бірдей финалға жолдама алды, деп хабарлайды «24KZ».

Жекелей көпсайыста гимнастардың ең үздік үш нәтижесі есепке алынып, Ерекешева 84,200 ұпай жинады және сегізінші орынмен финалға шықты. Бұл шешуші сатыға барлығы 18 спортшы өткен болатын.

Сондай-ақ отандасымыз жекелеген жаттығу түрлері бойынша да медальдар үшін таласады. Атап айтқанда, шыбықпен (булавы) жаттығуда 29,000 ұпай жинап төртінші нәтиже көрсетсе, таспамен (лента) жаттығуда да 28,350 ұпай жинап төртінші орынға тұрақтады. Әр жеке түрі бойынша финалға үздік шыққан 8 спортшы ғана өтті.

Ал Қазақстанның екінші өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінен өте алмай, көпсайыста 24-ші орынды иеленді. Жеке түрлерде ол шырғамен 10-орын, доппен 33-орын, шыбықпен 15-орын және таспамен 32-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық сайыстары 14 тамызда басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz