Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты басталды.
Жарыстың бірінші күні 77 келі салмақта Еркебұлан Анапия жұбаныш белдесуінде Грекиялық Адамантиос Пападатостан басым түсіп, қола жүлдеге күресуге мүмкіндік алды. Келесі қарсыласы – Иран палуаны Амир Махди Саиди Нава.
Ресей астанасы Мәскеуде спорттық самболдан әскери қызметкерлер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. СИЗМ туы астында бірінші рет ұйымдастырылған жарысқа 18 елден 81 үміткер қатысып, қыз-жігіттер 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған сайыстың қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарын алға жіберіп жалпы командалық есепте екінші орыннан көрінді. Жерлестеріміз 3 алтын 7 күміс медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жарыстың бірінші күні Жандос Бейсенбаев 64 келі салмақта қарсыластарын түгел ұтып жеңімпаз атанса, 79 келіде Санжар Нұрсейіт пен қыздар арасында Сағдат Байғараева және Зәмзәгүл Файзолланова күміс жүлде иеленді. Жексенбіде Жасұлан Нариманов пен Арнұр Қуатайлардың асығы алшысынан түсіп алтын алды. Ал 88 келіде Мұхмеджан Жұман мен 98 келі салмақта Болат Сапар және қыздар арасында Айжан Жылқыбаева мен Роза Нысантайқызы екінші орыннан көрінді.
Ерекешованың ерекше өнері
Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионатыны аяқталды. Дүнижүзілік додада Қазақ елінің намысын қаршадай ғана Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешова қорғады. Ересектер сайысына енді ғана қатысқан қандастарымыздың көрсеткен нәтижесі жаман емес. Әсіресе көпсайыста Ақмарал алтыншы орыннан көрініп, әлем мықтыларымен біразға дейін тайталасты. Бұл сында жарыс иесі Дарья Варфоломеев әлем чемпионы атанса, күміс Болгариялық Стиляна Николова, ал қола медаль италиядан келген София Рафаэлиге бұйырды. Командалық сайыста Бразилия құрамасы үш рет жеңіс тұғырынан көрінді. Таспамен және доппен жаттығу бойынша алдына жан салмаған Бразилия қыздары көпсайыста да ешкімге дес берген жоқ. Жекелей жаттығулардың бірінде яғни құрсауда Украина намысын қорғаған Тайсия Онофрийчуктың бағы жанды.
«Ривер Плейт» ес жиды
Бір кездері Класура мен Апертураның алтын жүлдесін кезек бөлісіп жүретін Ревер Плейт пен Бока Хуниорс командаларының қазіргі жағдайы мәз емес. Әсіресе Ривер жаңа маусымда қатарынан 4 рет жеңіліп жанкүйерлерін жабырқатып алған. Клуб басшылары Еуропадан тәжірибелі жігіттерді қайта шақыра бастады. Тасқамал Николас Отамендиден кейін Атлетикодан Тьяго Альмаданы алдырды. Осы жігіттер бесінші турда бел шеше кірісті. Буэнос Айрестегі Монументиаль стадионында Ривер Плейт Арегнтиносты қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Есепті Гансало Монтьель ашқан. Ойын аяқталар тұста Анхел Корреа пенальтиден қорттынды нәтижені белгіледі. Есеп 2:0 алғашқы үш ұпайын иеленген Ривер Плейт турнир кестесінің 14-ші сатысына көтерілді. Ал қатарынан 4 кездесуде жеңіске жеткен Аргентинос әзірше топ тізгінін сақтап қалды
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz