Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) операциялық директоры Кевин Ламур ұйым президенті Джанни Инфантиноның жарыстардағы үлесті жеке инвесторларға сату жоспарын қатаң сынға алғаннан кейін үш апта өтпей қызметінен босатылды, деп хабарлайды «24KZ» BBC-ге сілтеме жасап.
FIFA өкілі Кевин Ламурмен еңбек қатынастары 2026 жылғы 17 тамызда тоқтатылғанын растады.
FIFA Кевинге екі жылдық еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта сәттілік тілейді, – делінген ұйым мәлімдемесінде.
Өткен айда Ламур FIFA Forward Enterprise (FFE) компаниясын құру жөніндегі даулы жоспарды «бір адамның жобасы» деп атаған.
FIFA-ның жүздеген ынталы, өз ісіне берілген және адал қызметкерінің міндеті – футболға қызмет ету. Президент адамдарды біріктіріп, жақындастырып, шабыттандыруы керек. Бүгінде біз бұған мүлдем қарама-қайшы жағдайды көріп отырмыз, – деген еді Ламур.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #FIFA #спорт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz