Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды «24KZ».
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Осылайша ұлттық құраманың қоржынында бір жүлде бар.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #грек рим күресі #спорт #алтын медаль #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz