Португалиялық атақты футболшы Криштиану Роналду бастаған сауд аравиялық «Аль-Наср» клубы Ташкентке келуі мүмкін, деп хабарлайды «24KZ» uznews - ке сілтеме жасап. Куала-Лумпур қаласында өткен АФК Элиталық чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімінен кейін өзбекстандық жанкүйерлер үшін қуанышты жағдай белгілі болды. Нәтижесінде өзбектің «Пахтакор» командасы өз алаңында сауд аравиялық «Аль-Насрды» қабылдайтын болды.
Осылайша, «Алтын доптың» бес дүркін иегері өзінің мансабында алғаш рет Өзбекстан астанасында ресми клубтық матч өткізуі ықтимал.
Азияның басты клубтық турнирі аясында «Пахтакор» өз алаңында «Аль-Насрдан» бөлек, Иранның «Эстегляль» және «Трактор», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Аль-Кадисия» командаларын қабылдайды. Ал сырт алаңдағы ойындарда ташкенттіктер «Аль-Ахли», «Эйр Форс», «Аль-Хиляль» және «Аль-Иттихадпен» кездеседі.
Өзбекстанның тағы бір клубы «Нефтчи» өз алаңында «Аль-Ахли», «Эйр Форс», «Аль-Хиляль» және «Аль-Иттихадпен» ойнаса, сырт алаңда «Эстегляль», «Аль-Наср» (Роналдудың командасы), «Трактор» және «Аль-Кадисиямен» күш сынасады.
Матчтардың нақты күндері мен басталу уақыты кейінірек жарияланады.
Тегтер #Роналду #Өзбекстан #Ташкент #Пахтакор #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz